Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді ⠀⠀⠀⠀

Флаги средней Азии
Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін бекіту туралы шешім қабылдаған.

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Түркі академиясы 9-11 қыркүйекте Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-отырысы өткенін мәлімдеді.

"Отырыстың басты мақсаты – осы салада жиналған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада.