Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Премьер-Министр Олжас Бектенов ішкі істер министрінің, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің, сондай-ақ Қаржы мониторингі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктері төрағаларының қатысуымен ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Жиында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес және қаржы пирамидаларының алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «Киберпол» арнайы топтарымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғанын, нәтижесінде 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелгенін баяндады. 914 қылмыскер ұсталды. Жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды. Еліміздің 5 қаласында 19 SIM-бокс және 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карталары анықталды.