Ниязовты ұстау үшін Алматы әкімдігінің күзетшілері полиция шақырған

Журналист Асхат Ниязовтың ұсталуының жай-жапсары белгілі болды. Ниязовтың жанындағы оператор қауіпсіздік қызметкерлерін видеоға түсіріп үлгерген. Кадрлардан полиция қызметкерінің құжатын көрсетіп, операторды ұстап әкетіп бара жатқанын байқауға болады.

"Әкімдіктің күзет қызметінен күдікті адамдардың жүргені туралы хабарлама түсті. Оны анықтау үшін Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне бару керек. Егер келіспесеңіз, 667-бап бойынша хаттама жасалады. Камераны өшіріңіз", - дейді полиция қызметкері.

Ал Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.