Қызылордада 15 жасар жасөспірімді алдын ала жоспарланған қылмыспен өлтірген: тергеу барысы күмән туғызуда
2024 жылдың 21 маусымында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кенес ауылында Арыстанбеков Медеу Кузенбайұлының кəмелеттік жасқа толмаған 15 жасар баласы Күзенбай Əбдіғазизді өзінен 9 жас үлкен ауылдың азаматтары алдын ала сөз байласа, бір топ болып жоспарланған қылмыс жасап, қасақана ұрып өлтірген. Іс бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3 - бөлігімен тергеп-тексеру басталған.
Қылмыстық іс бойынша, 3 адамның қатысы бар, алдын ала жоспарланған қылмыс екендігін растайтын куəгерлердің жауаптары бар. Алайда, белгісіз себептермен тергеуші іс бойынша тек Амангелді Айбек Арманұлын, ҚР ҚК-нің 106-бабының 3 - бөлігімен, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті екені хабарланып, оны іс бойынша күдікті деп таныған. Сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша, куəгерлердің жауаптарына сай 21.06.2024 жылы, сағат 23:10 шамасында Амангелді Айбек Арманұлы өзінің достары Əлішер Сержан жəне Бектөреев Нұрғасырмен бірге Жаңақорған ауданы, Кенес ауылының 2002-2010 жылдар аралығында туы