Қыздың бір көзі ағып, анасының миы шашылып кеткен

Түркістан облысында өлтірілген екі адамның туыстары мән-жайды айтты. 16 жастағы қыз бен 45 жастағы анасы кісі қолынан қаза тапты. Қанды оқиға Келес ауданында болған. 30 жастағы күдікті бұған дейін ауыл мектебінде сабақ берген. Оқушысына қырындағаны үшін жұмысынан қуылған ол осылайша өшін алмақ болды дейді марқұмның қара жамылған отбасы.

Марқұмдардың сүйегін жуған жақындары денеде сау-самтық қалмағанын айтады. Қыздың бір көзі ағып, кеудесінің бәрі көгеріп, анасының миы шашылып кеткен дейді. Қан-жоса болған үй-ішін туыстары қанша жуғанымен іздері әлі жатыр.