Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 1,995 миллион долларға сатылымға шығарылды

Болат Назарбаев и проект его дома
Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметінше, Назарбаевтың пәтері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан. Марқұм жылжымайтын мүлікті 2007 жылы сатып алған. Бұл оның Америкадағы соңғы пәтері.

Пентхаустың жалпы ауданы – 164 шаршы метр. Оның ішінде екі жатын, ас және қонақ бөлмесі, үш жуынатын жері мен кең террасасы бар. 2,7 миллион долларға алынған пентхаус алғашында Болат Назарбаевтың жары Майра Құрманғалиевадан туған өгей баласы Даниярдың атына жазылған. Сондай-ақ оның атында дәл осы ғимараттан тағы бір пәтер бар. №702 пәтерді Данияр 2011 жылы 940 мың долларға сатпақшы болған. Бірақ Назарбаев Майрамен арадағы жанжалдан кейін бұл мүлікті қайтарып алған.

2 миллионға бағаланып, сатылымға шығарылған пентхаусты Назарбаев 2016 жылы көмекшісі Батыржан Ахметовтың атына жазған. Жылжымайтын мүлік әлі күнге дейін Ахметовтың атында.