Бишімбаев түрмеде не себепті жұмыс істемей жүр

Бишімбаев
Қылмыстық-атқару жүйесінің мәліметінше, экс-министр бос жұмыс орындардының жоқтығынан жұмысқа орналаса алмаған. Сотталушының күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелері мен қолданыстағы қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкес сақталады дейді.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Экс-министр қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалған.