2030 жылы Қазақстанда соғыс басталуы мүмкін

Депутат Ермұрат Бапи қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланды. Сөзінше, Қазақстан Украинамен салыстырғанда қорғанысқа тым аз ақша жұмсайды.

Сондай-ақ депутат мамандардың есебінен мысал келтіріп, мұндай күйімізбен 2030 жылы соғыс болуы мүмкін екенін айтты.

"Биылғы бюджетте 0,8, келесі 0,4% дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі біздің қауіп-қатер – мамандарының есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар" – деді депутат.